Русский Сайттың толық нұсқасы

Пайдаланылмай жатқан жерлер бойынша Қарағанды өңірі көш басында

  • AstanaTV
  • 09 қараша 2015
  • 1814

Елімізде 7,3 млн гектар жер пайдаланылмай, бос жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық экономика министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев хабарлады. Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлердің ерекшелігі туралы баяндаған вице-министр, шетелдіктерге қазақ топырағынан бір тілім жер сатылмайтынын, тағы бір мәрте қайталады. Бүгінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 97,4 млн гектары, яғни 98 пайыздан астамы ұзақ мерзімге жалға берілген. Вице-министрдің айтуынша, 15-20 жыл ішінде жер сапасы едәуір төмендеген. Игерілмей жатқан жерлер көлемі бойынша Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

Оның ең үлкені Қарағанды облысында 1,8 млн Ақмола облысында 1,1 млн, ШҚО - 984 мың га, осында пайдаланылмай отырған жерлер шықты.  Жасырмау керек, әр облыста ондай жерлер бар. Пайдаланбаған жер саны көп болады деп, олар жаман жұмыс істейді деп айтуға болмайды. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ