Русский Сайттың толық нұсқасы

Сауд Арабиясында екі миллионға жуық мұсылман қажылық парызын өтеуде

  • AstanaTV
  • 24 қыркүйек 2015
  • 1328

Сауд Арабиясында екі миллионға жуық мұсылман қажылық парызын өтеуде. Мұнда қазір алапат ыстық, сынап бағанасы +45 градусқа жеткен. Әйтсе де ауа райының қолайсыздығына қарап жатқан ешкім жоқ.

Мекке мен Мәдинада, сондай-ақ қажылықтың негізгі рәсімдері өтетін Мина мен Мұздалифа жазығында  қарақұрым халықтың қарасы мол. Бүгін Арафат тауында тұру рәсімі өтетін күн. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің, Алланың оған игілігі болсын, сүннеті бойынша, Арафатта тұру - қажылық ғибадатының маңызды бір бөлігі.

Өкініштісі, Меккедегі темір жол стансасында оқыс жағдай орын алып, 300-ден астам адам қаза тапты, тағы 450-ге жуығы зардап шеккен. Оған қасиетті қаладан Мина алабына дейін қатынайтын пойыздың істен шығуы себеп болды. Салдарынан перронға жиналған халық кептеліп қалған. Қыспақ кезінде зардап шеккендердің көбі -мүмкіндігі шектеулі жандар мен қариялар. Жергілікті медициналық қызметкерлердің айтуынша, адамдардың көбі талып құлаған, тұншығып қалғандар да бар. Айта кетейік, оқыс жағдай Меккеде бұдан бұрын да орын алған еді. 11 қыркүйекте  Әл-Харам мешітіне құрылыс краны құлап, салдарынан 107 адам көз жұмып, 238-і түрлі жарақат алған-ды. 

Жұрағат БАМАН