«Владимир
Путинмен кездесуге қарсы болған Барак Обама, өз шешімінен айнып қалды»,-
деп хабарлайды «The
New York Times»
басылымы. Ақүй басшысының пікірінше, қазір
Украинаның шығысындағы атысты тоқтатуды талап етудің және Сириядағы ахуалды қайта
қарастырудың уақыты жетті. «Екі елдің көшбасшыларының алдағы дүйсенбіде Нью-Йоркта
БҰҰ Бас Ассамблеясының саммиті аясында кездесетін болды»- деп хабарлайды «Рейтерс»
Ақүйдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ақтарат құралдарының дерегінше,
Путин мен Обама соңғы рет 2013 жылы Ұлыбританияда «үлкен сегіздіктің»
саммитінде кездескен болатын. Одан кейін екі мемлекеттің көшбасшылары
халықаралық саммиттарда кездескенімен, олардың әңгімелері ұзаққа созылмады.
Абзал ҚҰРМАНКИН