Қытай қылмыскерлерден тазартылды

  • AstanaTV
  • 25 қыркүйек 2015

Қытай полициясы 3 айда 20 мың адамды құрықтады. Олар заңға қайшы әрекеттерге барды деген күдікке ілінген. ТАСС-тың дерегінше, Гонконг, Макао және Гуандун провинцияларының тәртіп сақшылары қылмыскерлермен күресті жүйелі жүргізе бастады. Олар «Найза соққысы-2015» атты операция ойластырып, соның аясында мыңдаған адамды қамауға алды. Гонконг полициясының өкілі Ау Чин Шаудың айтуынша, бұл іске 65 мың полиция қызметкері жұмылдырылған. Олар ойын-сауық орталықтары мен түнгі клубтарды жіті тексеріп шықты. Ұсталғандар арасында «есірткі тасымалдау, жезөкшелікті қолдау, контрабандалық тауар тасу секілді заңсыз әрекеттерге барды» деген күдікке ілінгендер бар. Тағы 11 мыңнан астам адам Гуандун және 4 мың күдікті Макао аймағында құрықталды.

Абзал ҚҰРМАНКИН