Оңтүстік қазақстан облысындағы «Шардара су электр стансасында», екінші гидроагрегатты ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Бекетті жаңғырту шарасы Республикалық индустриаландыру картасына енген ірі жобалардың бірегейі. Бұл жоба су қоймасын жаңғыртудың мемлекеттік үдемелі-инновациялық дамыту бағдарламасы аясында, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның жетекшілігімен жүзеге асырылуда.
Айзада Төребекқызы, тілші:
Энергиясымен қамтамасыз етуге жаңа мүмкіндіктер тумақ. Яғни энергия тиімділігін 7 пайызға дейін жоғарылатуға мүмкіндік бар,-деді басқарма төрағасының орынбасары Сейтмұрат Сайманов.
Сейтмұрат Сайманов, «Шардара гидроэлектробекеті» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:
Бұған дейін бізде мысалы үшін біздің қуаттылығы 100 МВт болса, мынау толығымен біткеннен кейін 126 мВт болады. Ол деген сөз 26 пайызға өседі қуаттылығы және 57 млн, сағатына электр энергия қосымша өндіріледі. Сонымен бұл жерде біз Оңтүстіктің қазіргі пайдаланып отырған электрэнергияның 12-13 пайызын жауып отырмыз ғой Оңтүстікқазақстанның,ол кезде сол 16-17 пайызын жабамыз деп есептеп отырмыз.
Айзада Төребекқызы, тілші:
Жаңғыртудың тағы бір тиімді тұсы -жаңа қондырғылар орталық басқару жүйесімен жұмыс істейді. Демек автоматты түрде тоқ кернеуін реттеп отырады. Сейтмұрат Сайманов: «су қоймасының тағы бір міндеті - дариядағы суды реттеу екенін ескерсек, модернизацияның берер мүмкіншілігі көп»- деді.
Сейтмұрат Сайманов, «Шардара гидроэлектробекеті» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:
Қызылорда мен ОҚО-ның суармалы жерлеріне біздің станса арқылы толығымен су өтеді. Біздің су жіберу қабілетіміз 1,5 мың кубқа дейін. Мердігеріміз «Андрес гидроның» бізге жеткізіп берген толық жабдықтарының 60 пайызы келіп түсті. Ол деген сөз біздегі екі агрегаттың толық ауыстыруға мүмкіншілік болып отыр.
Айзада Төребекқызы, тілші:
Жалпы алғанда, осыдан елу жыл бұрын қолданысқа берілген қондырғылар алғаш рет жаңаланғалы отыр. Бас мердігер - Германиялық компания: «жаңа қондырғы 15 жылға дейін үздіксіз қызмет етуге қауқарлы» екенін айтқан.
Нұрлан Аманов, Шардара гидроэлектро бекеті турбина цехының басшысы:
Оның біріншіден айтатын болсақ мынау камера рабочий колесо дейміз оның өзі нержавеющий стальдан жасалынып жатыр. Рабочий колесо лопостарымыздың бәрі суға шірімейтін, карозияға шірімейтін материалдардан жасалынып жатыр.
Айзада Төребекқызы, тілші:
Сәтін салса 2017 жылдың желтоқсанында жаңалау жұмыстары толық аяқталмақ. Сол кезде қуатты үздіксіз өндіру жоспарда бар. Аталған бекеттің жалғыз акционері болып табылатын «Самұрық-Энерго» АҚ көздегені де осы.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ