Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жолға шыққан Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері Шығыс Қазақстан облысындағы «Ақ бауыр» бірегей кешенінде болды. Қос таудың ортасында орналасқан кешен аспан асты мұражайына ұқсас. Ғаламның 4 бұрышын көрсетіп тұрған бағыттары да бар.
Бұл жерде құрбандық шалынып, әдет-ғұрыптар мен рәсімдер жасалған деген болжам айтылады. Оған қабырғадағы жануардың қаны мен салынған суреттер дәлел. Соңғы кездері мәдениет зерттеушілері әлемнің түкпір-түкпірінен келіп, «Ақ бауырдың» сырын ашуға әрекеттеніп жатыр. Ғалымдар үңгірдегі суреттердің Ертіс бойындағы қауіпсіз жолды көрсететінін дәлелдеген. Мұз кезеңінде мұндай бағыт-бағдардың маңызы зор болған. Тарихшылар Алтай төңірегінде біздің заманымыздан бұрынғы жазу-сызба ескерткіштерінің барына сенімді.
Мансұр ЕСХОЖИН