Русский Сайттың толық нұсқасы

Депутат: Шағын және орта бизнесті лицензиядан босату қажет

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2015
  • 1249

 Шағын және орта бизнесті қолдау көрсету үшін, моно қалаларда арнайы экономикалық аймақ құрып, кәсіпкерлерді салықтан және лицензиялаудан босату қажет. Парламенті мәжілісінің депутаты Тұрсынбек Өмірзақов осындай пікір білдірді. Айтуынша, қазір елімізде бизнестің дамуына әкімшілік кедергілер көп. Лицензия, рұқсат алу мәселесі де әлі шешілмеген. Мәселен, шет мемлекеттерде шағын және орта бизнестің 12 түріне ғана лицензия алу керек болса, біздің елде оның саны 300-ге жуық. «Сондықтан рұқсат алу процессін жеңілдетіп, лицензия санын қасқырту қажет» - деді депутат. Сондай-ақ, ол бұл саланы дамыту мақсатында 2017 жылы Астанада халықаралық қаржы орталығы ашылатынын айтты. Яғни, шамамен бір жарым жылдан кейін Қазақстанға шетелдік банктер кіреді. Сол арқылы жергілікті кәсіпкерлер жеңілдетілген пайызбен несие алып, бизнестерін дамыту мүмкіндігіне ие болады» - деді Тұрсынбек Өмірзақов. 

Тұрсынбек Өмірзақов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

Көмектесу үшін үкімет тарапынан ақша бөлінеді. Мынау оны "Даму" арқылы, сосын АБР, ЕАБР деген банкілер арқылы алуға болады деп ойламын. Біздің Астанада 2017 жылы Халықаралық қаржы орталығы ашылады. Ол біздің елге жаңа банкілер келеді, ол банкілерден жеңіл пайызбен несие алуға болады деген сөз.
Біз сондай жағдай жасап жатырмыз.

Жұрағат БАМАН