Теңгенің құнсыздануына орай салымшыларға төленетін өтемақыға өтініш қабылдау уақыты ұзартылды. Бұл жайында Ұлттық банктің ресми сайтында жария болды. Енді салымшылар екінші деңгейлі банктерге өтініштерін 1 желтоқсанға дейін өткізе алады. Мұндай шешім өз салымшыларын сақтап қалуды көздеген банктер тарапынан жасалған болатын.
Еске сала кетейік, теңгенің еркін айналымға өтуіне орай Ұлттық банк жуырда теңгемен ашылған депозиті бар 2 миллион салымшыға бағамдық айырма төлейтінін жариялаған болатын. Өтемақыны алу үшін басты талап -салымшының депозиті теңгемен салынған және жинақталған қаражат көлемі 1 миллион теңгеден аспауы тиіс.
Айгүл ЕРМАХАН