Қазақстанда
сауда кемелері кіріс салығы мен қосымша құн салығынан босатылады. Бұл туралы
өзгерістер еліміздің салық жөніндегі заңына енгізілмек. Журналистермен
кездескен Инвестициялар және даму министрлігінің көліктік бақылау комитеті
төрағасы Әсет Асаубаев осылай деп мәлімдеді. Айтуынша, бұл қадам отандық теңіз
флотын дамытып, жаңа кемелер сатып алу мүмкіндігін тудырады.
Сондай-ақ, ол Ақтау
теңіз портында 3 құрғақ жүк таситын терминал ашу жоспарланып отырғанын
мәлімдеді. Айтуынша, бұл еліміздің теңіз арқылы экспорттық әлеуетін жылына
жиырма миллион тоннадан асыруға ықпалын тигізеді. Инвестициялар және даму
министрлігі бұл жұмысты австралиялық компаниямен бірлескен кәсіпорын
ашу арқылы іске асырмақ.
Әсет
Асаубаев, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің көліктік
бақылау комитеті төрағасы:
Австралиялық
«IPD» компаниясы теңіз порттарының инфрақұрылымын дамыту ісімен айналысады.
Ақтаудағы ашылатын 3 құрғақ жүк таситын терминалды қаржыландырып отырған да
солар. Компания жоба құнының 60 пайызын инвестициялап отыр. Құрылысты алдағы
жылдың мамыр айында бастаймыз деп жоспарлаудамыз.
Жұрағат БАМАН