Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде түнделетіп көліктерді өртеген адам ұсталды

  • AstanaTV
  • 30 қыркүйек 2015
  • 1176

Өскемендіктерді үрей құшағында ұстаған қаскүнем ұсталды. Ол аулада тұрған көліктерді өртеп, бірнеше айдан бері тұрғындардың зәресін алған болатын.

Ұсталған адам - 19 жастағы жас жігіт. Алматы облысының тумасы, бұрын сотталған. Осы демалыс күндерінің өзінде күдікті бес бірдей көлікті өртеп жіберді. Ең алдымен ол бұрынғы қызынан кек алмақ болып, оның көлігін өртейді. От жанындағы басқа автокөлікті де шарпиды. Кейін ізін жасырмақ болып, көрші көшедегі тағы үш жеңіл көлікке от қояды. Қазір оған 3-тен 7 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы мүмкін. Немесе жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал. Ал көліксіз қалған тұрғындарға көк тиын өтемақы төленбейді. Өйткені сақтандыру компанияларының келісімшарттарында өртеніп кеткен көліктерге өтемақы қарастырылмайды.

Бақытжан Торғаев, ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Ол осы қылмысты істегенін қазір мойнына алып отыр. Қазірігі уақытта бұл азамат уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Сонымен қатар осы азаматқа бұлтартпас шара ретінде тұтқынға алу шарасы қазіргі уақытта шешілуде. 

Жұрағат БАМАН