Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада ДАИШ террорлық ұйымының идеяларын таратқан азамат ұсталды

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2015
  • 1220

Ал Астанада ДАИШ террорлық ұйымының идеяларын насихаттаған азамат ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайтында жарияланды.

Ақпаратқа сәйкес, қолға түскен адам әлеуметтік желілер арқылы өзін «ислам мемлекеті» деп атаған топтың қате діни ұстанымдары мен лаңкестік идеяларын үгіттеген. Қазір тергеу амалдары жалғасуда.

Еске салсақ, бұған дейін елордада «Таблиғи жамағат» экстремистік ұйымының өкілдері қамалған-ды. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ