Русский Сайттың толық нұсқасы

Жанар Айтжанова: Қазақстанның ДСҰ кіруі ЕАЭО ішіндегі сауда-саттыққа кері әсер етпейді

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2015
  • 1769

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі Еуразиялық экономикалық одақ ішіндегі сауда-саттыққа кері әсер етпейді. Бұл туралы парламент қабырғасында экономикалық интеграцияларға жауапты министр Жанар Айтжанова мәлімдеді. Министрдің сөзінше, елімізге төмендетілген баж салығымен келген тауарлар шыққан күнде, одақтастар арасындағы ДСҰ-дағы баж салығының алуандығы ескеріледі.

Жанар Айтжанова, ҚР экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі:

Қазақстан ДСҰ өткеннен кейін төмендетілген импорттық баждармен кіретін тауарлар, қалған ЕАЭО мүше мемлекеттерінің территориясына реэкспорт жасалынған кезде, кедендік баждағы айырмашылық төленуі керек. Бұл туралы біз қазір үш құжатты дайындап жатырмыз.

Айта кетейік, Қазақстан ДСҰ-нан 3500 тауар атауы бойынша, одақтастар Ресей, Қырғызстан және Арменияға қарағанда, жеңілдетілген баж салығына қол жеткізді. Жанар Айтжанова, ЕАЭО-қа мүше мемлекеттер басшылары қыркүйектің 16-сы күні кездесіп, өзара алыс-беріс мәселелерін талқылайды, деді.

Еске салсақ, жақында Ресей премьері Дмитрий Медведев пен  Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстанның ДСҰ-дағы жеңілдіктері Еуразиялық экономикалық одақ ішіндегі саудаға кері әсер етуі мүмкін деген алаңдаушылық білдірген-ді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ