Русский Сайттың толық нұсқасы

Демалыс күндері Ақтөбеде жойқын дауыл тұрғындарды әбігерге салды

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2015
  • 1040

Өткен демалыс күндері Ақтөбеде болған қатты дауыл тұрғындарды әбігерге салды. Жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жеткен қатты жел он шақты ағашты құлатқан. Бірнеше үйдің шатыры ұшып кетті. Электр желілері үзіліп, шаһардың тең жартысы бірнеше сағатқа дейін жарықсыз қалды. Қаланың коммуналдық қызмет өкілдері  көшелерді құлаған ағаш бұтақтарынан тазартып үлгере алмай жатыр.

Өкінішке орай, зардап шеккендер де бар. Тұрғын үйдің қасына құлаған ағаштың бұтағы есік алдында жүрген жасөспірімнің төбесіне түскен. Бас жарақатын алған бала бірден ауруханаға жеткізілді.

Мансұр ЕСХОЖИН