Астанада «журналистер саяжолы» пайда болды. Дүниежүзілік ағаш егу күні елордалық БАҚ өкілдері сол жағалауда арнайы бөлінген жер аумағында жоспарланған 150 көшеттің алғашқыларын отырғызды. Акцияны ұйымдастырушы «Тұрақты даму» жер ұйымы көшеттер санын арттырып отыруды көздейді.
Бейресми мейрам елімізде өткен жылдан бастау алған, еріктілер республика бойынша миллионға жуық тал егіпті. Қозғалыс - сондай-ақ ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің қатысушысы. Болашақта ЭКСПО қалашығын абаттандыру ісіне де атсалыспақ.
Валентина Ободовская, «Тұрақты даму» жер ұйымының төрайымы:
Президент ел азаматтарын үнемі Отанымызды абаттандыруға шақырады. Біздегі егілген көшеттердің басым бөлігі - дала өсімдігі, орман аз. Сондықтан бұл іске журналистерді де жұмылдырдық.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ