Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда дәстүрлі «KIOGE 2015» көрмесі ашылады

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2015
  • 969

Ертең Алматыда мұнай-газ саласындағы ең ірі көрме ашылады. «KIOGE 2015» дәстүрлі көрмесі аясында халықаралық конференция жұмысын бастамақ. Биыл әлемнің 25 елінен 350-ден астам компания өз өнімдерін қояды. Салаға қызығушылар бүгіннен бастап көрмеге қойылған жобалармен танысуға мүмкіндік алды.

Конференция тақырыбы мұнай мен газды барлау мен өндірудің тиімділігін арттыруға бағытталмақ. Әлемдік нарықта мұнай бағасының төменгі шегі мен оның Қазақстан экономикасына әсері тақырыбында сараптамалық баяндамалар жасалады деп күтіліп отыр. 

Марина Ли, «ITECA» ЖШС мұнай-газ жобалары бойынша департамент директоры:

Көрмеге көптеген мұнай-газ саласындағы қызмет көрсету компаниялары өз өнімдерін әкеліп отыр. Баға мен сапаға сәйкес келетін өнімдерді  төрт күн бойы экспозициялардан табуға болады. Жаңа технологиялар бүгінгідей дағдарыс уақытында тиімді бағалармен ұсынылады, деп ойлап отырмыз. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ