Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы «СК-Фармацияға» берешегін 10 күнде төлемек

  • AstanaTV
  • 07 қазан 2015
  • 1298

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы «СК-Фармацияға» берешегін қасақана төлемей отырған жоқ. Бұл жөнінде ведомство басшысының орынбасары хабарлады. Ол республикалық бюджеттен қаржының кеш түскенін айтады. Салдарынан дәрілердің ақысын төлеу бірнеше аптаға кешіктірілген.

Еске салсақ, Қазақстанның Бірыңғай дистрибьюторы «СК-Фармация» дәрілік заттарды қарызға алып, енді төлемей отырғандарды сотқа беретінін мәлімдеді. Олардың дерегінше, Қарағанды облысы 550 млн теңге қарыз. Сондай-ақ Ақтау, Атырау және Алматы қалаларының да берешегі бар. «СК-Фармация» аймақтардың шарттық міндеттемелерді орындамауы 2016 жылы халықты дәрімен қамтамасыз етуге кері әсерін тигізетінін ескерткен. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі 550 млн теңге қарыздың жартысы қайтарылған деп отыр.

Әсел Тұяқова, Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

«СК -Фармацияға» берешегіміз бары рас. Ол қыркүйек айында жеткізілген дәрілердің ақысы, яғни ағымдағы борыш. 256 млн 640 мың теңгені құрайды. Республикалық бюджеттен қаржы 15 қазанға дейін түсуі керек, сол кезде толық қайтарамыз.

Айжан ҚУАШ