Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлыбритания Ресейден сақтанып, Балтық елдеріне өз әскерін жібермек

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2015
  • 1311

АҚШ және Германиямен бірге енді Ұлыбритания да Балтық елдеріне өз әскерін жібермек. НАТО Ресей басқыншылығынан қорғану үшін шекарасын қымтай бастады, деп жазады «Файненшэл Таймс».

Әскерді орналастыру мерзімі әлі белгісіз. Үш елдің әскери күштері шекарада бірін бірі алмастырып отырады. Корольдіктің Қорғаныс министрлігі бастапқыда бір рота сарбаз жіберілетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, олар эстондық, латвия мен литвалық әскерилердің дайындығын пысықтайды. Кейбір деректерге сай, британдықтар Украина әскерилерінің де оқу-жаттығу жұмыстарын қолға алмақ. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ