Русский Сайттың толық нұсқасы

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы әкімдердің рейтингін анықтауға атсалыспақ

  • AstanaTV
  • 09 қазан 2015
  • 1918

«Атамекен» ұлттық палатасы әкімдердің рейтингін анықтауға атсалыспақ. Әсіресе жергілікті биліктің кәсіпкерлерге қызмет көрсету сапасына баса мән бермек. Палата Үкіметке тиісті ұсыныс жолдаған. Былтыр кәсіпкерлер палатасы облыстарда 40 мемлекеттік қызметтің көрсетілу сапасын саралады.

Сауалнамаға қатысқан кәсіпкерлер құрылыс саласында көптеген кедергілерге тап болатынын айтқан. Әкімдік қызметіне көңілі толмайтындардың көшін 55,3%-бен Маңғыстау облысы бастап тұр. Содан соң Алматы облысы - 50,2%. 32,5%-бен Қызылорда облысы үштікті түйіндеді.

Нұржан Әлтаев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары:

В текущем году тоже такой рейтинг будет проводиться. В этом году сделаем ее более публичным.

Көршілес Ресейде аймақ басшыларының еңбегін жұмыс берушілер бағалайды. Арнайы комитет губернаторлардың рейтінгін құрады. Астанада өткен "Халықаралық жұмыс берушілер бірлестігін үйлестіру кеңесінің" жиынына қатысқан ресейліктер осылай дейді. Өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарының ашылуына атсалысқандар лайықты бағасын алады. Ал көш соңында қалған аймақ губернаторы өз еркімен қызметтен кетеді, - дейді.

Александр Мурычев, Ресей кәсіпкерлер одағының вице-президенті:

Жоғарғы билік шешім шығарарда рейтингке назар аударады. Оның ішінде губернатордың өзі көп жағдайда рейтингіне қарап, отставкаға кетіп жатады. Мұндай жағдай бірнеше аймақта болған.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ