Русский Сайттың толық нұсқасы

741 млн теңге айыппұл төлеуге тиіс монополист сот шешімімен келіспейді

  • AstanaTV
  • 13 қазан 2015
  • 1135

Құзыретін пайдаланып, тұтынушылардан артық ақша жинады деп айыпталған керекулік монополист компания 800 миллионға жуық айыппұл төлейді. Бұл туралы қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімі шықты. Алайда «Павлодарэнерго» сот үкімімен келіспейтінін мәлімдеді. Журналистерге сұхбат берген компанияның баспасөз хатшысы қомақты сомманы төлеуден бас тартатындарын айтты.

Асқар Шөмшеков, «Павлодарэнерго» АҚ баспасөз хатшысы:

«Павлодарэнергосбыт» ЖШС әкімшілік соттың айыппұл тағайындау туралы үкіміне қайта шағымданбақ және құқығын облыстық сотта қорғауға дайын. Біздің пікірімізше, ешқандай заң нормалары бұзылған жоқ.

Монополист компания 2012-2014 жылдар аралығында электр энегриясы үшін алдын ала төлем қабылдап келген деп айыталған болатын. Мұны сот тұтынушылар құқығына қысым жасау деп ұйғарды. Сот шешіміне сай, серіктестік сол мерзім аралығындағы кірісінің 5 пайызын мемлекетке қайтаруы тиіс. Айта кетсек, «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-і, «Павлодарэнерго» АҚ-на қарасты кәсіпорын. Ұйымның бас акционері «Орта-Азиялық отын-энергетикалық компаниясы» болып табылады. Акционерлік капиталдың 31 пайызы Александр Клебановтың иелігінде. Ал, оның серіктестері Сергей Кан мен Еркін Әмірханов. Әрбірінің құнды қағазының үлесі 31 пайызды құрайды. Forbes Қазақстан журналының ақпарынша, бизнесмендер Қазақстандағы 50 ауқатты адамның санатына енеді.