Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскемендегі жедел медициналық көмек ауруханасының қызметкерлері шеруге шықты

  • AstanaTV
  • 13 қазан 2015
  • 1060

Өскемендегі жедел медициналық көмек ауруханасының қызметкерлері наразылық шарасын өткізді. Олар жұмыстан қысқартылып, аурухана мүлде жабылады деп отыр.

Қарсылық білдіргендер бүгін жергілікті шенеуніктермен кездесіп, аурухананың тиімділігі жөнінде дәлелдерін келтірмек болды. Айтуларынша, қазіргі таңда өңірде алты аурухана қызмет етеді. Ал олардың ішіндегі жедел жәрдем көрсете алатыны тек аталмыш мекеме ғана екен. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері дәрігерлер себепсіз дүрлігіп отыр, дейді. Дегенмен, медициналық мекеменің тағдыры облыс әкімдігінде талқыланып жатқанын айтты.

Сергей Попов, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары:

Медициналық мекеме мәселесі қазір облыстық әкімдікте қаралып жатыр. Сондай-ақ, әкімдік жанындағы үйлестіру кеңесінің отырыстарында бұл мәселе талқыланатын болады. Оған қоғамдық және ардагерлер кеңесінің мүшелері мен аурухана қызметкерлері де қатысады. Нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Жұмыссыз ешкім қалмайды.

Алайда медициналық мекеме қызметкерлерінің шенеуніктерге сенгісі жоқ. Уәде үйіп-төгілген жиыннан кейін олар шағым хаттарын облыс басшысына, Парламент депутаттары мен жауапты министрлікке жолдады. 

Жұрағат БАМАН