Русский Сайттың толық нұсқасы

«ҚазАлко» алкоголь өнімдерінің акциздерін өткен жылғы деңгейде сақтап қалуды сұрап отыр

  • AstanaTV
  • 13 қазан 2015
  • 1369

Отандық арақ өндірушілер дабыл қақты. Алкоголь өнімдерімен айналысатын компаниялар Үкіметтен акциз мөлшерін өткен жылғы деңгейде қалдыруды сұрап отыр. Олар осы жан айқайларын жеткізу үшін, арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Бүгінде арақтың бір литрінің акцизі 480 теңге тұрады. Егер салық кодексінде қарастырылғандай, келер жылы акциз литрі 640 теңгеге көтерілсе, қыруар шығынға батамыз, деп налып отыр арақ өндірушілер. Ондай жағдайда жарты литр арақтың құны 800 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін дегенді айтады. Ал бұл баға өз кезегінде ресейлік арақ құнынан асып кеткендіктен, бәсекеден қаламыз, деп отыр. 

Әміржан Қалиев, «ҚазАлко» қауымдастығының президенті:

Баға көтерілген кезде, шеттен келетін арақ өнімдері, мысалы, биыл Ресейден келіп жатыр, келесі жылы шекара ашылғаннан кейін Қырғызстаннан келеді. Олар біздің нарықты толтырып тастайды. Сұрағанымыз, сол Үкіметтің салықты көтеру, бағаны көтеру жағын тоқтатып, біздің ұсынысымызды ескеріп.

«ҚазАлко» қауымдастығының мәліметінше, арақ акциздері өткен жылы 400 теңгеге дейін күрт қымбаттаған. Салдарынан өндіріс көлемі 17 пайызға төмендеді. Арақ өндірушілер алдағы жылы да акциз бағасы артса, этил спирті мен арақ өнімі өндірісінің көлемі 30-35 пайызға төмендеп кетеді деп алаңдайды. Ал бұл бизнеске кедендік одақ та, Еуразиялық одақ та кедергі келтіріп отырғанын айтты. Белоруссия импорттық алкоголь өнімдерін квота арқылы ғана кіргізеді. Бірақ ол квотада арақ өнімдері жоқ. Ресей нарығына да ену қиын. Қосымша құн салығы мен кедендік баж салығы салынады, - деді қауымдастық президенті. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ