Русский Сайттың толық нұсқасы

The Telegraph: «Аль-Каида» ұяшығының басшысы Сирияның оппозициясын Ресейге қарсы қимылға шақырды

  • AstanaTV
  • 13 қазан 2015
  • 1196

«Аль-Каида» террорлық топ ұяшығының басшысы Әбу Мохаммед аль-Голани Сирия оппозициясын Ресейге қарсы қимылға шақырды. The Telegraph басылымының жазуынша, содырлар сүннитті ұстанатын мұсылмандарды ретсіз өлтірді деп, Ресей әскерлеріне қарсы шабуылдар жасауды ұсынған.

Сириядағы террорлық топтар әлеуметтік желілер арқылы Мәскеудің әуе шабуылдарын «шығыстан бастаған жаңа крест жорығы» деп атады. Осы үндеуден кейін сириялық оппозициялар Дамасктағы Ресей елшілігін атқылады. Дәл сол уақытта ол ғимаратта Башар Асад жақтастарының митингі өтіп жатқан екен. Қазіргі уақытта қандай да бір зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Десе де, ресейлік әскери әуе күштері ДАИШ-тың орналасқан жерлеріне оқ жаудыруды жалғастырып жатыр. Соңғы тәуліктің ішінде олар 55 рет әуеге көтеріліп, Сальма елді мекенінің маңындағы содырлардың бірнеше қоймасын жойған. Ал Ресейдің әскери әуе күштері 13 күннің ішінде Сирияға 400 рет ұшқан. 

Берік ХАСЕНОВ