Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысының тауар өндірушілері Астанадағы жәрмеңкеге 850 тонна өнім әкелді

  • AstanaTV
  • 13 қазан 2015
  • 930

Қарағанды облысының тауар өндірушілері Астанадағы жәрмеңкеге құны 150 миллион теңгені құрайтын 850 тонна өнім әкелді. Бұл жолы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі «Хан шатыр» алдындағы алаңда өтті. Оған 9 ауданның 40-қа жуық шаруа қожалығы қатысты.

Олар алпыстан астам шатыр тігіп, ет, сүт өнімдері мен бал, сондай-ақ, жеміс пен көкөністің түр-түрін ұсынды. Атап айтсақ, қарағандылықтар елордалықтарға 80 тонна ет, 1 тонна май-сүт өнімдері және 700 тонна көкөніс, 6 тонна балық пен 500 мың дана жұмыртқа әкелген.

Аймақ басшысы Нұрмұхамбет Әбдібековтың айтуынша, Қарағанды облысының шаруалары биыл барынша мол өнім жинаған. 

Жұрағат БАМАН