Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда көптің көзінше адам ұрлау оқиғасы елдің жағасын ұстатты

  • AstanaTV
  • 16 қазан 2015
  • 1109

Алматыда көпшіліктің көзінше адам ұрлау оқиғасы елдің жағасын ұстатты. Қаладағы кинотеатрлардың маңында көмектесуді сұрап жалынған адамды біреулер шетелдік көліктің жүк салғышына күштеп салған. Мұны ұялы телефонының бейнекамерасына түсіріп алған бейнені қала тұрғыны біздің редакцияға әкелді.

Куәгерлер бұзақылардан оны босатуды талап еткенімен, олар жүк салғыштағы адамды басып алған күйі, көлікке отырып кетіп қалған. Куәгерлер полицияға хабар беріпті. Олар күдіктілерді құрықтау операциясын жүргізген. Тексеру барысында күдіктінің бірін қолға түсірген. Ал екіншісіне іздеу жарияланды. Ұрланған адам оларға қарсы арыз жазған.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

Қазір күдіктіге қатысты екі баппен, яғни адам ұрлау және бұзақылық дерегі бойынша іс қозғалып, тергеліп жатыр. Бұл ауыр қылмыстар санатына жатқандықтан, күдіктілерге 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.  

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ