Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанадағы кинотеатрлардың бірінде соққыға жығылған кассир қыз полицияға берген шағымын кері қайтарды

  • AstanaTV
  • 16 қазан 2015
  • 1355

Астанадағы кинотеатрлардың бірінде соққыға жығылған кассир қыз Қуаныш Тұрагелдиевті кешіріп, полицияға берген шағымын кері қайтарды. Қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде, Қуаныш Тұрагелдиевке қатысты көтерілген іс, жәбірленуші тараппен өзара ымыраға келуіне байланысты, Қылмыстық кодексінің 68 бабы негізінде тоқтатылды делінген.

Еске салайық, кинотеатрдағы оқиғаның видеосы ғаламторда тез тарап, қоғам назаразылығын тудырған болатын. Сол кезде 22 жастағы Қуаныш Тұрагелдиевке «бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды. Ұлының бұл қылуасынан кейін премьер-министр кеңсесінде қызмет еткен әкесі Болат Тұрагелдиев өз еркімен жұмысынан кеткен еді. 

Жұрағат БАМАН