Русский Сайттың толық нұсқасы

Солтүстік Қазақстан облысында орақ науқаны аяқталды

  • AstanaTV
  • 16 қазан 2015
  • 1643

Солтүстік Қазақстан облысында астық бітік шықты. Биылғы егін діттеген межеден асып түскен. Өңір диқандары 5 млн 425 мың тонна бидай жинады. Орташа гектар берекелігі 16,9 центнерді құрады.

Облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Сапаров диқандардың астықты мол жинауына мемлекет тарапынан бөлінген демеуқаржы мен арзандатылған жанармай сынды факторлар әсер етті деп отыр. Биыл астықтың жартысына жуығы экспортталмақ. Қазір шаруалар алтын дәннің ылғалдылығын төмендету мақсатында кептіріп жатыр. Оларды сақтауға 54 элеватор дайындалған. Әзірге оларда 1 миллион 200 мың тонна бидай бар. Диқандар, ырыс дәнінің сапасы да жаман емес, 40 пайыздан астамы 3-ші классқа жатады, деп отыр.

Айдарбек Сапаров, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары:

Биылғы жылы нарықтың бағасы бидайдікі 38-ден 42 теңгеге шейін. Корпорация бүгінгі күнде бидайды 42 мың теңгеден алып жатыр. Бүгінгі күнде алынған кредиттар 30 пайызы қайтарылды. Әрман қарай бұл салада жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ендігі жылға 2016 жылға тұқымдарды 100 пайыз қамбаларға құюға салып қойдық. Дайындық ендігі жылға жақсы болады деп ойлаймыз.

Абзал ҚҰРМАНКИН