Русский Сайттың толық нұсқасы

Жастарды жанжалдан аулақ болуға және еңбек дауын бейбіт жолмен шешуге шақырады

  • AstanaTV
  • 16 қазан 2015
  • 1711

Қарағандылық студенттер дау-дамайды бейбіт жолмен шешу жолдарын үйренуде. Бұл жайында облыстық ішкі саясат басқармасы ұйытқы болған «Әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу» семинарында айтылды. 

Өндірістік орталық саналатын Қарағандыда үнемі дау-дамайдың туындап тұратындығы белгілі. Сондықтан өзара келіспеушілікті үлкен жанжалға ұластырмай, дер кезінде шешу өте маңызды және көптеген жағдайды тұрақтылықты ұстауға зор ықпалын тигізеді, - дейді семинарға қатысушылар. Шараның мақсаты - кәсіпорын басшыларына қарамағындағы жұмысшыларының өте қажет маман екендігін түсіндіру, тіпті жанжал ушыққан жағдайда медиация институттары арқылы шешуге болатындығын ұғындыру.

Татьяна Савицкая, «Диалог» жанжалды  шешу орталығының директоры:

Біздің мақсатымыз - дау-дамайды дер кезінде тоқтатуды, тіпті оның алдын-алуды үйрету. Ел ішіндегі тұрақсыздық кейбіреулерге тиімді болуы мүмкін. Сондықтан сұхбат құру арқылы, кез келген жанжалды шешуге болатындығын, түсіндіргіміз келеді. Ортақ мәміле бар жерде, артық сұрақ болмайды ғой.