Балалар планшет «құлына» айналып барады. Оған тәуелділік - қауіпті құбылыс. Гаджеттердің бала психикасына, денсаулығына зияны көп екенін, дамуын тежейтінін технологияларды шығаратындардың өздері біледі. Мысалы, «Apple»-дің атасы Стив Джобс балаларының планшетке «құл» болмауын қадағалаған. Алайда ата-анаға әл бермейтін балалар көбейіп барады.
Мен төбелес ойындарды ойнағанды жақсы көремін. Өйткені ол оларды тебеді, ұрады. Демалыс күндері көп ойнаймын.
Әйгерім Ілиясовк, ата–ана:
Ойнап отырса, тек қана көзі осында, тамаққа шақырсам, естімейді. Ерсұлтан деп, үш рет шақырғаннан кейін «ау» деп жауап береді.
Балалардың гаджетке тәуелділігінің зардаптары туралы ертең, сенбі 20.30-да, «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан «Естімейді, көрмейді, сезбейді» арнайы репортажын көріңіздер.