Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада Айгүл Сәдуованың поэзиялық жинағының тұсаукесері өтті

  • AstanaTV
  • 16 қазан 2015
  • 1965

Астанада Айгүл Сәдуованың «Көктем романсы» атты поэзиялық жинағының тұсаукесері өтті. Кітап авторы белгілі ресейлік ақын Владимир Исайчевтың туындыларын қазақ тіліне аударған. Ал оның сөзіне жазылған өлеңдеріне Игорь Лученок, Александр Морозов және Лидия Небаба секілді танымал композиторлар ән шығарған болатын.

Жалпы жинаққа 75 лирикалық шығарма енді. Қазақстандық автордың сөзінше, бұл жұмыспен ол бір жылға жуық айналысқан.

Айгүл Сәдуова, ақын:

Арменияда болғанда, презентацияда Владимир Николевич өзі өтініш жасаған. Менің кітабым қазақ тіліне аударылса, деген. Содан біз ойланып, осы кітап туындады. Туған жерге деген сүйіспеншілігі, әйелге деген шынай маххабаты, таңқалудан шаршамауы, осы лириканы жан-тәнімнен өткізіп, қазақ тілінде көрсету маған үлкен бақыт болды.