Русский Сайттың толық нұсқасы

Bloomberg: Сауд Арабиясы мемлекеттік мердігерлерге қажетті қаражатты кешіктіріп жатыр

  • AstanaTV
  • 19 қазан 2015
  • 882

Ал Сауд Арабиясы мұнай бағасының құлдырауынан мердігерлерге тиісті қаражатты кешіктіріп жатыр. Бұл жөнінде  Bloomberg  хабарлайды. Қара алтын қоры қисапсыз бай ел мұндай жағдайға алғаш тап болып отыр. Тіптен кейбір мердігерлер жарты жылға дейін жалақы алмаған. Ал Үкімет келісім шарттар бағасын төмендетуді сұрап жүр. Қаржыландырудың кешігуінен ғасыр құрылысы деп аталатын жобалар тоқтап қалуы мүмкін. Мысалы, құны 22 млрд доллар болатын Эр-Риядтағы метро құрылысы.

Соңғы  6 жылда Сауд Арабиясында алғаш рет бюджет тапшылығы тіркелді. Қазынаның 80 пайызы мұнайдан түскен ақшадан құралады. Жағдайды реттеу үшін, ел үкіметі шығындарды қысқартып, алтын валюта қорын қорек етіп жатыр.  

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ