Киік қырғынының себебі әлі белгісіз. Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде жұмыс тобының кезекті мәжілісі өтті. Мамандар киіктердің қынадай қырылуына пастереллез қоздырмасы әсер етті деген тұжырым айтады. Бірақ аурудың тез таралуына ықпал еткен себептерді әлі білмейді. Кейбірі бар бәле улы бүргеден шығып отыр, деген болжаммен бөлісті. Бөкендерді баудай түсірген жұттың себеп-салдарын анықтауға соңғы жылдары қазынадан 330 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Зерттеушілер тағы 1 миллиардқа жуық теңге сұрап отыр. Ақша мәселесіне келгенде, мамандар қызбалыққа салынып кетті.
Айтпақшы, киік қырғынға гептилдің қатысы жоқ деді, жиналғандар. Еске салайық, көктемде Қостанай және Ақтөбе облстарының аумағында 100 мыңға жуық ақбөкен арам қатты. Ел-жұрт қалған популяцияны қалай сақтап қаламыз деп, бас қатырып жатса, депутат Тәңірберген Бердоңғаров өзін өзі Твиттердегі перископка түсіріп әлек болды.
Гүлнәр Сейтмағанбетова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:
Мына сіздердің талқылаған нәрселерді көріп, мен түк те түсінбей отырмын. Үкіметтің ішіндегі Білім және ғылым министрлігінің биологиялық проблемаларды зерттеу комитеті бар,иә. Нәтижесінде 2016 жылы мына жағдай қайталанбауына ешкім кепіл бермейді.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ