Астықты аймақта егіннің жартысы піспей қалды. Биыл Қостанай облысының қамбасына 4 миллион 832 мың тонна дән құйылды. Бұл былтырғымен салыстырғанда, 300 мың тоннаға көп. Бірақ сапасы жақсы емес. Диқандар жиым-терін науқанын жарты айға кешеуілдеп аяқтаған.
"Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, өңір шаруалары өнімін шашау шығармай жинап үлгерді", - дейді билік өкілдері. Биыл аймақ диқандары егіс алқабының әр гектарынан 12 центнерден астық алыпты. Бірақ ылғалдылығы тым жоғары. Тіпті жиналған өнімнің тең жартысына жуығы төртінші, бесінші класстағы бидай, қалған 58 пайызы қамырлығы жоғары 3 классқа сай көрінеді.
Сәлімжан Есенаманов, Қостанай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім бастығы:
Астықтың сапасын алдыңғы жылдармен салыстыруға келмейді, сол кезде жиналған өнімнің 80 пайызы 3 класстағы бидай болатын. Ал биылғы бидайдың қамырлығы өте төмен. Өйткені, біріншіден, ауа райының қолайсыздығы, екіншіден, көктемгі егіс науқаны созылып кетті. Сосын жаз айлары салқын болды, осының салдаранан астық дер кезінде піспей қалды.
Заңғар САНАЙ