Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда 12 мыңнан астам азамат күзгі əскер қатарына шақырылған

  • AstanaTV
  • 19 қазан 2015
  • 1378

Отан алдында борышын өтемей қашып жүргендердің бір де біреуі жазаға тартылмаған. Тіпті іздеу де жарияланбаған. Бұл туралы Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Амантай Өсербаев мəлім етті.

Биыл күзгі науқанда 12 мыңнан астам азамат Отан алдында борышын өтеуге шақырылған. Ал 22 мен 27 жас аралығында қандай да бір себептермен әскерге бара алмай жүргендер үшін әскери билеттің құны қымбаттауы мүмкін. Қазір ол - 260 мың теңге. 

Амантай Өсербаев, ҚР ҚК Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары:

Жылдың соңына дейін өзгермейді. Келесі жылы баға өзгеруі мүмкін. Өйткені ол ақылы түрдегі дайындыққа қосылатын барлық, мысалы, шығындары көбейіп отырғандықтан, келесі жылы қайтадан қарастырылып, бағасы өзгеруі мүмкін.

Берік ХАСЕНОВ