Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай билігі 5 ай бұрын берген уәдесін орындамай отыр

  • AstanaTV
  • 20 қазан 2015
  • 1658

Қостанай әкімдігі берген уәдесін орындамай отыр. Қаладағы Абай көшесінің бір топ тұрғындары, тұйық көшенің бас жағындағы жер телімінің жеке үй салуға берілгеніне наразы. Олар осының салдарынан сол маңайдағы темір жолды бойлап тар соқпақпен қатынауға мәжбүр.

Абдолла  Жанғабылов, Қостанай қаласының тұрғыны:

Дәл 25 үйдің жүретін жолының үстіне мынаны әкеп салу деген ешкімнің басына сыймайды. Оның иесі өзінің дегенін орындағысы кеп, әлі күнге дейін прокуратураның шешімі болса да, бәрі де қарсы болса да міне қазір көзімізге көрінбей отыр. Азғантай ғана шаруа біз осыны қайта - қайта үлкейтіп. Бұл енді біріншіден қала әкімінің құлағына шалынуы керек.

Еске салайық, 5 ай бұрын бұл көшенің тұрғындары, осы мәселені айтып, арнамызға шағымданып келген болатын. Сол кезде қала әкімінің бас инспекторы Самат Жанділдин жер телімі заң шеңберінде берілгенін айтқан еді. Алайда кадастрлық электрондық картаның болмауына байланысты, жер аумағы көлік жолына қарай ығысып кеткен деп түсіндірді. Сондықтан бұл мәселе тез арада оңтайлы шешімін табады, тұрғындардың талабы орындалады деп уәде де берді. Алайда, атқамінерлер айтқан сөзін ұмытқан сыңайлы. Өйткені, көлік жолын тұйықтап тастаған қоршау мен құрылыс материалдары бүгін де қаз-қалпында тұр. Тұрғындардың айтуынша, қалалық прокуратура "жер телімі заңсыз берілген" деген қаулы шығарыпты.

З.САНАЙ