Мұнай нарығына тәуелді елдер қара алтын бағасын бағып отыр. Бүгін Ресей экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев мұнай бағасының баррелі 50 доллар күйінде бірнеше жыл сақталады деп мәлімдеді. Бұған дейін министр мұнай бағасы баррелі үшін 40 доллар болғанда Ресей экономикасында тек 2018 жылдан бастап қана өсім байқалады деген еді. Ал бүгін дүниежүзілік банктің мұнай бағасына қатысты жасаған болжамы да көңіл көншітпейді. 2015 жылы баға баррелі үшін 52 доллар төңірегінде қалады деп болжанып отыр. Ал шілде айында 57 доллар болады деп есептелген еді. Болжамның өзгеруін сарапшылар әлемдік экономика өсімінің баяулағанымен және санкциялардан босаған Иранның нарыққа шығуымен байланыстырады.
А.ӘДЕПБАЙ