Қырғызстан түрмесінен қашқан топтың тағы бір мүшесі ұсталды

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2015

Ал бүгін Қырғызстан түрмесінен қашқан экстремистердің тағы біреуі қолға түсті.  Еділ Абдрахманов атты азамат Қырғызстанның Шу облысында ұсталды деп хабарлады Қырғыз Ішкі істер министрлігі. Қашқын Бішкек қалалық сотымен адам өлтіру, қылмыстық ұйым құру, қарақшылық және терроризм идеяларын таратқандығы үшін өмір бойы бас бостандығынан айырылған. Қазіргі таңда ИК-50 түзету мекемесінен қашқан 9 сотталушының тағы біреуі - Алтынбек Итибаев әлі бостандықта. Еске салсақ, 12 қазан күні 9 сотталушы 4 қарауылды өлтіріп, түрмеден қашып шықты. Олардың бесеуі ұсталып, кейін үшеуі түзету мекемесінің емдеу бөлімінде көз жұмды. Екі қашқын арнайы операция кезінде оққа ұшты.

А.АЛДОНҒАРОВ