АҚШ- Сириядағы ДАИШ жасақтарына қарсы жаяу әскер жіберуден бас тартты. Бұл туралы Ақ үй өкілі Эрик Шульц мәлімдеді. Ол өз сөзінде ресми Вашингтонның серіктестерімен бірге шектеулі әскери операцияларға қатысуы мүмкін екенін айтып өтті. Таяуда, Пентагон басшысы Эштон Картер содырларға қысымды арттыру үшін, Сирия мен Иракқа жаяу әскер жіберуге дайын екенін хабарлаған. Онда америка әскерилерінің әуеден немесе жерден тікелей соққы жасайтыны туралы айтылған. Десе де, сарапшылар Ресейдің қарқынды әуе шабуылы аясында АҚШ-тың бұл әрекеті түсініксіз деп отыр. Ал, Пентагон- Сирияда әскери ұшқыштар әуе соққысын жасайтын нысандардың азайғаны туралы айтқан болатын.
Б.ХАСЕНОВ