Дүниежүзілік банк пен Doing Business-2016 Халықаралық қаржы корпорациясы кәсіпкерлікпен айналысуға жайлы елдердің тізімін жариялады. Қазақстан бір жыл ішінде 12 сатыға жоғарылап, 41-ші орынға тұрақтаған. Посткеңестік елдер арасында Эстония көш бастап келеді, яғни 16-шы орында. Литва 20-шы, Латвия 22-ші орынға жайғасқан. Армения тізімде 35-ші болып тұр. Еуразиялық экономикалық Одақ аясындағы серіктес елдерді алсақ, Беларусь Республикасы 44-ші, Ресей 51-ші орынды қанағат тұтқан. Еске салайық, Doing Business-тің рейтингі Дүниежүзілік Банктің сарапшыларымен дайындалған.189 мемлекеттің кәсіпкерлікпен айналысуға жайлылық тұрғысындағы көрсеткіштері бағаланады. Сарапшылар пікірінше Қазақстан «реформалардың» көшбасшысы.
Ғалия Жолдыбаева, ҚР Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры:
Осы көрсеткішке жетуге, мақсатымызға қол жеткізуге бұл реформаларды қарқынды жұмыс арқасында өткіздік. Бұл ретінде Үкімет қолданыстағы заңнамаға реформалау, рұқсат беру жүйесін жетілдіру, бизнесті құру рәсімдерін жеңілдету, мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыруы, еліміздегі бизнес ахуалын жүргізіліп отырған арқасында жетіп отырмсыз.
Б.ХАСЕНОВ