Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс депутаттары жалақыларының көтерілуіне қарсы емес

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2015
  • 1545

Мәжіліс депутаттары жалақыларының көтерілуіне кет әрі емес. Бірақ қаржылық дағдарысты ескерген олар «айлығымызға ақша қосылсын» деуге ұялатын сияқты. «Қазір мұны көтеретін кез емес» - деп отыр. Мәселен, депутат Глеб Щегельский мәжілісмендердің жалақысы соңғы төрт жылдан бері көтерілмегенін айтып қалды. Бірақ өз басы- жарты миллион жалақысына дән риза.

Глеб Щегельский ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,  «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

497 на руки. -хватает да? -вполне хватает. Осында қырғыз депутаттары келген. Олардың жалақысы біздікінен 3-4 есе төмен екенін білдік. Сондықтан біздікі өзімізге жеткілікті. 

Ерсұлтан Бектұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Жалақы көтерілген жоқ. сол бұрыңғыша. -Көтеру керек пе? -Оны енді қарау керек шығар жаңа жылдан кейін. Қазір ол мәселе көтеріліп жатқан жоқ. -Өзіңізге жете ме жалақыңыз? -Рахмет, жетеді.

Серікжан Қанаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,  «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Қазіргі уақытта қарағанда біздің депутаттарға жалақы көтерілген жоқ. -Көтеру керек деп санайсыз ба? - Көтеру керек, бірақ қазіргі экономикалық жағдайға сәйкес мен ойлаймын ол сұрақты көтеруге қазір керек жоқ.

А.ӘДЕПБАЙ