Солтүстік Қазақстанда асфальт төсеу жұмыстары қар түскеннен кейін де жалғасып жатыр. Бұл жайында тілшілерімізге көлік жүргізушілері хабарлады. Олар республикалық маңызы бар Петропавл-Жезқазған тас жолының жөнделіп жатқанын ұялы телефонға түсіріп алған. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының теріскейдегі өкілдері жаңғырту жұмыстарының әлі күнге дейін жалғасып жатқанын растап отыр. Айтуларынша, барлық жұмыстар стандартқа сәйкес атқарылуда. Яғни, арнайы химиялық заттардың көмегімен асфальтты салқын күндерде де төсей беруге болады. Мамандар жолдың сапасына алаңдамаса да болады деп отыр.
Алмас Ыдырысов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ СҚОФ директорының орынбасары:
Мердігер компания асфальтқа минералды ұнтақты қосып жатыр. Бірақ, жаңбыр немесе қар жауған кезде жұмыстар бірден тоқтатылады. Бұл сапаға әсер етпейді. Жөнделген жолда 5 жылдың ішінде шұқырлар пайда болса,бұл олқылықты мердігер өз ақшасына жояды.
А.ҚҰРМАНКИН