Нұрсұлтан Назарбаев Испания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Гарсия-Маргальоны қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан-Испания ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланды, сондай-ақ екі елдің бірлескен жұмысының перспективалы салалары қарастырылды.
Нұрсұлтан Назарбаев екі мемлекеттің өзара іс-қимылын нығайтуға оң ықпал етіп отырған Қазақстан мен Испанияның стратегиялық серіктестігіне назар аударды. Мемлекет басшысы теміржол машиналарын жасау, мұнай-газ, коммуникация және құрылыс салаларында бірқатар бірлескен жобалар бар екенін, олар ынтымақтастық аясын кеңейте түсуге елеулі негіз болып отырғанын атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Мы с королем Хуаном Карлосом многое сделали для сотрудничества наших стран. Мне сказали, что вы на предприятии «Тальго» побывали. Вы представляете страну, с которой у нас есть договор о стратегическом сотрудничестве. Мы это сотрудничество будем продолжать.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ