Шымкентте мектеп директорлары ашық конкурс арқылы тағайындалатын болды. Бұдан былай үміткерлер- тек білім саласы төңірегіндегі шенеуніктердің ұйғарымымен таңдалмайды. Алғаш рет қаладағы қос бірдей мектеп директорының бос лауазымына алты үміткер бақ сынады. Білім ошақтарының бірі жаңадан салынған, екіншісінің директоры зейнеткерлікке шығыпты. Байқауға қатысушылар комиссия мүшелерінің түрлі сауалдарына жауап берді. Оның құрамында қала әкімі мен мәслихат депутаттары, жоғары оқу орындарының өкілдері бар. Айта кетейік, мұндай ашық байқау- шаһар әкімінің бастамасымен алғаш рет өткізіліп отыр.
Надирхан Имамсидиков, Үміткер:
Қаланың әкімі де айтып өтті ғой, бұл таза өту керек деп. Бұдан кейін директорлар сондай бір комиссияның ортасында бір біріне қатысы жоқ адамдар да бұлар. Бұл-директор болам деген адамдарға, білімі жеткілікті болатын болса жүз пайыз мүмкіндік береді.
Алайда байқау қорытындысы бойынша бір ғана үміткердің бағы жанды. № 95-ші мектепке осы білім ошағы директорының орынбасары басшы болып тағайындалды. Ал, №71-ші мектепке директор тағайындау үшін қайтадан байқау жарияланады.
А.ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ