Атыраудағы ірі кәсіпорындар ауысымдық тәсілмен жұмыс істетін қызметкерлерінің дауыс беруі үшін арнайы шаралар ұйымдастырды. Бүгін таңертең жергілікті уақыт бойынша 9 жарымда, "Ембімұнайгаз" компаниясына қарасты "Прорва" мұнайшылары кен орнынан 160 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекеніндегі нөмірі 104 сайлау учаскесіне келді. Оларға 5 автобус бөлінген. Бұл сайлау учаскесіндегі барлық сайлаушылардың саны - 1152. Олардың тең жартысы мұнайшылар.
Асланбек Елешев, мұнай операторы:
Осы өндірісте 24 жылдан бері жасаймын. Осы сайлауда 5-6 рет қатысып жатырмын жұмыста жүріп.
Гүлзира Исанова, Атырау облысындағы № 104 сайлау учаскесінің төрайымы:
70-тей сайлаушы - мұнайшы келді. 300-дей сайлаушымыз бар мұнайшылардан. Жалпы халықпен есептегенде, 200 сайлаушы дауыс берді.
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ