Леонид Некрасов, Петропавл Ботаникалық бағының қызметкері:
Олар күніне бес келі балық жейді. Бірақ, қымбатшылықты ескере отырып, бүгін 4 келі сатып алдым. Бірқазанға ол түк емес, бір жегенде бәрін жоқ қылады.
Бақ қызметкерлерінің айтуынша, жануарлардың тамағы үшін жергілікті тұрғындар да қол ұшын созып тұрады. Бірі қаржылай, енді бірі жем-шөп күйінде әкеліп береді. Ал тіпті қысылған кезде, мұндағылар өз қалтасынан қаржы шығарып,азық алатынын жасырмайды.
Равиль Рязапов, Петропавл Ботаникалық бағының бас агрономы:
Азық мәселесі қиын болып тұр. Тұрғындардан жиналатын ақша бір орталықта болсын деп арнайы қор құрдық. Жетпеген кезде жалақымыздан бөлеміз. Қысқасы, жануарларды тойдырып тамақтандыруға мүмкіндік жоқ.
Билік өкілдері қолдан келер қайран жоқ деп отыр. Қала бюджетінен жылына бір рет 19 млн теңгедей қаржы бөлінеді. Ол оқушылар мен студенттердің ботаникалық баққа тегін саяхаттауы үшін қаралған. Жылыжайдың коммуналдық қызметі мен жұмысшылардың жалақысы тағы бар,- дейді қала әкімінің кеңесшісі
Абай Сүлейменов, Петропавл қаласы әкімінің кеңесшісі:
Жануарларды тамақтандыруға біздің бюджетте ондай жағдай қарастырылмаған. Қарастыру мүмкіншілігі де жоқ. Өйткені, бюджеттің ақшасы болғаннан кейін ол тек қана бюджет кодексінде қаралған бағыттарға ғана бөлінеді. Сол бағыттармен ғана ақша жұмсалады. Басқаша бір жағдайларға жұмсалған болса, ол жемқорлық деп есептелінеді.
Амалы таусылған құтқарушылар қала маңынан табылған аққуларды жылу электр орталығы маңындағы су арнасына жіберді. Ол жердің суы қыстыкүні де жылы болады, балық қоры жеткілікті. Яғни аққулар жаңа мекенінде үсіп қалмай қыстап шығады деген үміт бар.
А.ҚҰРМАНКИН