Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанаға инвестицияға салуға қош келдіңіз!

  • AstanaTV
  • 31 қазан 2015
  • 1010

Астанада өткен инвестициялық форум туралы сюжетті көріп алыңыздар, содан соң елімізде төртінші мұнай өңдеу зауытын салу жоспары, мұнайы жоқ болса да, мықты мұнай өңдеу зауытынсалған Сингапурдың азаматының айтқанын тарқатамын. Әрине, басқа да темалар бар: жер сілкінісінің қаупі, көзге қан құйылған агрессия, 4 баласы, күйеуімен Мәскеу әуежайында 2 айдан бері өмір сүріп жатқан қазақстандық әйел... Әзірге инвестфорум. Тоқталатынымыз, оны ұйымдастырушы Астана әкімдігі, ал тікелей кураторлық еткен әкімнің орынбасары. Нұрәлі Әлиев.

Астанаға келген адам ғашық болмай тұра алмайды. Инвестициялық форумға модератор ретінде шақыртылған америкалық миллиардер Джим Роджерс те Елордаға деген сезімін жасыра алмады. Біздің ЭКСПО-ға “6 мен 8 жастағы екі баламды да ала келем” деп ағынан жарылды. Тіпті инвестиция құюға дайын. Кейін өткен баспасөз мәслихатында қаржыңызды қай салаға қиясыз деп сұрап көрдік.

 Джим Роджерс, миллиардер, инвестор (АҚШ):

Зерттеу жүргізуім керек. Қаржымды ауыл шаруашылығына, не болмаса қаржы нарығына немесе тасымалдау саласына құятын шағармын. Бұл жерде мүмкіндік көп екен. 

 Форумда Қазақ елі атынан сөйлеген билік өкілдерінің көңіл күйлері көтеріңкі. Жымиып күліп жүр. Биліктегілер жаңа дүние айтпаса да, "қаржысын құямын" деген шетелдіктерге жасалған жеңілдіктерді жіпке тізді. Мақтады, мақтанды. Бір сөзбен айтқанда, инвесторларды баурау үшін барын салды. Керек олар бізге өйткені. Сондықтан "жүгіру" керек. Тіпті алып кел, барып келмен жүгіріп жүретін жас қыздар шаршап-шалдыққан-ау. ұйықтап жатты.

 Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

К примеру мы продлили срок аренды сельхоз земель для иностранных инвесторов до 25 лет.

 Әділбек Жақсыбеков, Астана қаласының әкімі:

Открыты и понятны механизмы позволяющий частному капиталу без всякого риска осваивать рынок.

 Әсет Исекешев, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

Тоже для инвесторов очень удобно. Есть много мер поддержки.

 Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Освобождение от уплаты налогов сроком на 50 лет для органов и участников центра. 

Астананың инвестициялық жобалары, индустриялық парктері мен өндірістік аймақтары арнайы көрме алаңында паш етілді. Біз шетелдік инвестицияларды тарта білген 30 елдің қатарын толықтырдық. Тек Астананың өзіне осы уақыт аралығында 100 млд доллардан астам инвестиция бұйырған. Әсет Исекешевтің айтуынша, қазірдің өзінде 300-ден астам инвестор "қазақ нарығына қаржы саламын" деп алақанына түкіріп отырған көрінеді. Бұл сөмке-сөмке ақшасын сыйдыра алмай жүрген бай-манаптарға жасалған жеңілдіктер арқасында. Сондықтан бұл жолғы инвестфорумда да "инвестиция", "жеңілдіктер" деген сөздер ауыздан түскен жоқ.

 Әсет Исекешев, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

Принесут новые инвестиции в нашу столицу.

 Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

И очень комфортно

 Әділбек Жақсыбеков, Астана қаласының әкімі:

для инвесторов.

Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Улучшение инвест климата

 Ахметжан Есімов, ЭКСПО -2017 ҰҚ басқарма төрағасы:

Привличение инвестиций в различные отрасли.

Біздің атқамінерлерден кейін әлемдік экономиканың жағдайын жатқа соғатын азулы сарапшылар сөйледі. Қазақстанның инвестиция тартудағы солқылдақ тұстарын да тізіп, кеңестерімен бөлісті. Мәселен Давос форумының сарапшысы Ксавьер Сала-и-Мартин "Қазақстанға идея мен адам капиталына баса мән беру қажет" деді. Ол әлемдік брендке айналған ZARA-ның негізін қарапайым сатушы қалағанын, ал IKEA компаниясына студенттің жан бітіргенін мысал қылды. Қысқасы, инновациялық бизнес идеяларға ден қою керек. Ал жерінің аумағы Астанамен бірдей, шамамен 700 шаршы шақырымдай ғана болатын Сингапурдан келген сарапшы Майкл Тей иделогиямен бас қатырмауға кеңес берді. Сингапурдың іліп алар табиғи ресурсы жоқ. Шикізат түгіл, артық тұтам жері де жоқ. Тіпті әскерінің жаттығуына жер жетпегендіктен, "дос" елдерде жаттықтырады екен. Бірақ бұл жайттар Сингапурдың 30 жылдың ішінде озық экономикалы мемлекетке айналуына бөгет болған жоқ.

 Майкл Тей, АТЭК /АТЭС/ бұрынғы атқарушы директоры:

Сингапур қалайша жетістікке жетті дегенге келсек,ол адамдардың еңбегі арқасында,олардың көшбасшылық қасиеті арқасында мүмкін болды.Мәселе инфрақұрылымда емес. Инфрқұрылым барлық қалада  бірдей. Сондықтан адамға қаншалықты көңіл бөлесіздер, мамандарды қалай даярлайсыздар, сол маңызды деп ойлаймын.

 Майкл Тей қызық әңгіме айтып берді. Сингапурдың «экономикалық ғажайыбын» жасаған адам - бірінші премьер-министрі Ли Куан Ю 80 жасында көрші Гонконгқа арнайы барып, брокер, қаржыгерлермен көшедегі барларда кездескен. "Бизнестеріңді неге Сингапурда жүргізбейсіңдер" деген сұраққа кәсіпкерлер "сіздерде бас қосатын қарапайым бардың өзі аз" деп шағымданыпты.

Майкл Тей, АТЭК /АТЭС/ бұрынғы атқарушы директоры:

Ли Куан Ю ол кезде 80 жаста болатын, Сингапурге орала сала қаржы орталығы маңында  барды қаптатып ашуға бұйрық берді. Онда сарапшылар мен қаржыгерлер жиналып, орталықта бизнес құру туралы пікірлесетін.Сөйтіп,шынымен  адамдар бізге тартыла бастады.

Кейін арнайы өткен баспасөз мәслихатында Майкл Тей Астананың барларына баратынын айтты. Өз еліндегідей деп ойласа керек...Ал француз банкирі Доминик Меню баяндамасында шиказатқа деген тәуелділік саясатының болашағы бұлыңғыр екенін ұқтырды.

 Доминик Меню, BNP Paribas банкінің директоры: 

 Егер шикізаттың бағасына қарасақ, біз 2008 жылдың деңгейіне қайтып келдік. Бұл Қазақстан үшін өте маңызды. Халықаралық қаржы қорының  мұнай бағасы бойынша болжамын қарайық. Ол бойынша алдағы 5 жыл бойы мұнай бағасы баррелі үшін 60 доллардан аспайды. Тағы  темір кенін алайық. Қазақстан темір кенін шығаратын ең ірі өндірушілердің бірі. Оның бағасы бойынша да дәл сондай динамика сақталады.

 Алтыншы мәрте өткен форум үш күнге жалғасты. Бірінші күнінде инвесторлар мен журналистерді инвесттурға алып шықты ұйымдастырушылар. Алайда БАҚ өкілдері "ақша саламын" деген 50  инвесторды да, оларға "тартымды"  деген өндіріс ошақтарын да көре алмай қайтты. Ұшақ құрастырушы зауыт пен «Астана жаңа қала» индустриялық паркінің нысандарына кіру оңай емес. «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» "стратегиялық нысанбыз" деп, есігінен сығалатпады. Одан соң Локомотив зауытына тарттық. Бірақ ол жерден де үш автобуспен келеді деген қалталы шетелдіктерден бір ғана инвесторды көрдік. Сингапурлық кәсіпкерге бола бүтін бір цех іске қосылды. Инвесттурдың жоспары бойынша аралау керек болған аффинажды зауыт та босағасынан аттатпады. Сөйтіп бұл пресс турдың мақсатын түсінбей қайттық.

Дегенмен әлемдік үлгідегі қаржы орталығы мен «ЭКСПО-2017» көрмесі инвестиция әкелудің амалын жасап бағады. Бүгінде халықаралық көрмеге 49 ел қатысатынын растағанын айтты, Ахметжан Есімов. Еліміздің «Doing Business»  рейтингі бойынша, 189 елдің ішінде 41-орынды иеленгенін мәлімдеді, Бақытжан Сағынтаев. ЭКСПО көрмесінің аумағында ашылатын халықаралық қаржы орталығы -инвесторларға бұрынғы кеңес елдері ішінде теңдесі жоқ жағдай жасайды- деді Қайрат Келімбетов. Қысқасы, қорықпай қаржы құюға болады, шетелдіктерге. Тағы бір деталь - мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасына қатысуға да мүмкіндік беріледі.

 Бақытжан Сағынтаев ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

 Приватизация будет максимально прозрачной. Я предлагаю всем зарубежным инвесторам принять участие в приватизаций.

 Инвест форум биыл алғаш рет жеке отау тігіп, экономикалық форумнан бөлек өтті. Айтпақшы, 20 елден 1000-нан астам делегат жинаған шараның ұйымдастыруына қанша қаржы кеткенін біле алмадық. Енді оған жұмсалған шығынның орны елге құйылатын инвестициялар есесінен толады деп сенейік. Өйткені саны бар сапасы жоқ сан алуан әлем-жәлем халықаралық шараларға қарағанда, инвест форумның бергені бар. Жалпы сомасы 1,5 млрд доллар болатын 34 меморандумға қол қойылды. Шетелдік сарапшылар "Қазақстанның басты бас ауруы халқының аздығы" дегенді қайталаумен болды. "Санымызды арттыру үшін не істеу керек" деп сұрағанымызда, "аналарға берілетін төлемді көбейтіңдер" деді модератор болған миллиардер Джим Роджерс. Және де -алып Қытай іргелеріңде тұрғандықтан, қытайша үйреніңдер- деп кеңес берді.

Джим Роджерс, миллиардер, инвестор (АҚШ):

Халық санын көбейтудің ең жақсы жолы – бала күтіміне берілетін төлемдерді арттыру. Бұдан да жақсы жолы – мигранттарды тарту. Тарихи Отанына көшіп келгісі келетіндерге жағдай жасау керек. Өйткені жалқау адамдар көшпейді. Олар өте ақылды, пысық келеді. Келем дегендерге төлқұжат беріңдер, болды.

  А.ӘДЕПБАЙ, Н.МАХМҰТОВ, А.ЖҰЛЫБАЕВ