Астанада мамыр айының соңында әйелін өртеп, оны ажал құштырған Сәдуов дегеносы аптада 18 жылға сотталды. Ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы, отбасының берекелі немесе берекесіз тірлігі... қысқа қайыратын тақырып емес. Ал жалпы адамдар арасында агрессияның артқаны, көзге қан құйылып кеткендей жауыздық, «не дейді» дегізетін сұмдық оқиғалар сана мен болмыстың қырларына басқаша үңілу қажеттігін көрсетеді. «Көктік» пен кектікке булыққан, тіпті ойы бұзылған, өзін бақылай алмайтындардың арасында парасатқа үндейтін қасиетті дінімізден пана іздейтіндер аз. Көп адамға психологиялық көмек керек. Бірақ әлгіндей «науқастар» ондай көмек барын білмейді, білсе де, жұрт естісе, «псих» деп ойлар- деп қашады, және жара қаптаған жанын түсініп, шығатын жол нұсқайтын маман барына сенбейді. Бұл жалғыз жол емес, әрине. Әйтсе де... Сәдуов 4 баласын анасынан ғана айырған жоқ. Олар үшін «әке» деген ұғымның күл-талқанын шығарды...
ШУ: Отқа оранған әйел жүгіріп шықты, Көлігімді тастап, жүгірдім. Ол басынан аяғына дейін өртеніп жатыр...
Тұла бойы отқа оранған 4 баланың анасы Светлана Садуованы көріп, көмекке тұра ұмтылған осы мосқал тартқан әйел еді. Мектептің дәл түбіндегі айқай-шуды оқушылар да естіп, жетіп келіп көреді. Бастауыш сынып мұғаліміне бастан аяқ бензин құйып жағып жіберген, 21 жыл отасқан күйеуі болатын. Алды артына қарамастан, қаша жөнелген қаніпезер жарты жылдан кейін бір-ақ қолға түсті. Өзінің жаны тәтті. Туыстары жеті қат жердің астына тығып тастаған. Қашқын мынадай жертөледе қаннен қаперсіз 5 ай жасырынып жатқан. Бұл жолы сот та созбаққа салмады. Айналдырған 10 күннің ішінде үкім шықты. Қылмыскердің жүзінде өкініштің табы білінбейді. Процесс бойы кісімсіп отырды. Сіңілісінен сұмдық жағдайда айырылып қалған Айгүл ғана кемсеңдеп жылаумен болды.
ШУ: Мамыр айында күнделігін толтырды. Күндерді тізіп. «Ол бүгін менімен «былай істеді» деп. Бүгін 24-мамыр. Туған күнім. Алладан сұраймын, менен тағы не керек – деп...
Күйеуінің қорлығы өтіп кеткен байғұс әйел, бір сұмдықты сезсе керек. Тірі жанға тіс жарып айта алмаған, айтқысы келсе де бата алмаған, бар сырын өмірінің соңғы күндері ақ параққа ақтарыпты. 26-мамыр күні дүлей күйеуінен оны ешкім арашалай алмады. Көбісі білген.
ШУ: Бүгін мына мұғалім шығарып салды, ертең басқасы. Бүгін мына күзетші күтіп алды. Ертең өзгесін сұраймын. Ал дәл сол күні оны ешкім қарсы алмаған.
Бұл зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерді қорғайтын полиция бөлімі. Кезекшіге телефон арқылы күніне 10 шақты әйел хабаласып, мұңын шағады. Ал үйінен бас сауғалап қашқандар «Дағдарыс орталығына» орналасады. Қазір 50 орындық мекемеде 20 адам жатыр. Тепкіден безгендер бұл жерді 6 айға дейін паналайды. Светлана Садуова да тап осы орталықта 2 ай тұрыпты.
Дана Мадеева, Астана ҚІІД Әйелдерді зорлық-қомбылықтан қорғау бөлімінің аға-испекторы:
Ол бірнеше рет келді. Полиция оны дағдарыс орталығына орналастырды. Оған жақсы көмектесті. Жанына адам қойды.
Астанада жыл басынан бері 3188 еркекке байланысты олардан әйелдерін «қорғау» жөнінде жарлық шыққан. Бұл «батырсымақтар» 30 күнге дейін әйелінің маңына жақындауына қақысы жоқ. Мамандар, отбасындағы кикілжің, әйелді қорлау, сабау, қуып шығу жағдайлары бай мен кедейге бөлінбейтінін айтады. Дағдарыс орталығындағы мына келіншектің басындағы жағдай соның бір дәлелі.
ШУ: Туғандарыма айттым, себебі олар мені бақуатты, жақсы тұрады деп ойлайды. Өйткені барған жерімнің тұрмысы жақсы. Орталық маған құжаттарымды жөндеп, азық-түлік жағынан көмектессе деп келдім. Ұлым екі күн аш отырды. Су мен нан ғана болды.
Мұндайда туған-туысы, жақын-жуықтары тұрмақ, жұмыс берушісі күйзеліске түскен жанға дер кезінде көмек қолын созу керек, дейді психолог.
Лимана Қойшиева, психолог:
Мысалға батыс елдерін алатын болсақ балық мекемелерде психологтар жұмыс істейді. Адам жұмысқа кешігеді болмаса үлгермей жатады жұмысына, жиі қалады, жиі аурухана түседі. Бұның астарында не жатыр деген оймен психолог маманмен жұмыс жасаса әлдеқайда жеңілдеу болар еді.
Иә, сырт көзге сыр алдырмайтын, әсіресе қазақ әйелдерінің арасында соңғы кездері түрлі ауру-сырқаулар асқынып кеткен. Жаман аурудың өзі, жан жарасынан туатынын психолгтар әлдеқашан айтып жүр.
Лимана Қойшиева, психолог:
Уақыт өте келе денсаулығына айырылып, ерте қартайып, жасынан ерте өмірден өтіп жатады. Бұл моральдық тұрғыда, ішкі жан дүниесіндегі ауыр соққыдан денсаулығына тез айрылып қайтыс болды. Дене жарақытынан, жан жарақаты әлдеқайда ауырлау.
Күнделікті кикілжің ішкі конфликтіге, ол зорайып адуынды агрессияға айналады. Қатпарланған өкпе-реніш қайтсе де қылаң береді, дейді маман. Өркениетті елдерде мұндай қиындықтарды қандай жолдармен жеңеді. Көзі ашық адамдар, көзі ашық адамша әрекет етеді.
Лимана Қойшиева, психолог:
Ер мен әйел бірдей дамып отыру керек. Екеуінің де ішкі рухани әлемі бірдей дамып отыру керек, бір деңгейде болу керек. Егер бірі дамымай екіншісі көтеріліп бара жатса екеунің арасында конфликт болады. Агрресияны қалай жеңу керек дегенде, біз ішкі әлемде мейірім, сүйіспеншілік, тазалық сол нәрсеге көбіне ұмтылу керек. Агрессиясы көп адамдар мейіріміді музыка тыңдаса, спортпен айнылсса, ішкі қақтығыстардан арылу үшін спорт бірден бір жақсы көмегін береді.
Ыза-кек кеулеп кеткен қарым-қатынастың тамырына дер кезінде балта шаппаған Сәдуовтардың артында 4 бала жетім қалды. Оларды Светлананың әпкесі Айгүл Дәрменова өз қолына алды. Астанада тұратын жеткіншектер, Петропавлға көшіп кетті.
ШУ: Судьба мне оставила ее детей. Как я могу отдать их в детдом...
М.БАҚЫТҚЫЗЫ