Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіне ресми сапармен барды. Осы сәттерде Қазақстан Президенті мен Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронның кездесуі өтіп жатыр. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабар таратуда.
Сапар барысында Президенттің ІІ Елизавета Патшайыммен кездесуі де жоспарланған. Сондай-ақ британдық жетекші компаниялардың басшыларымен де кездесулер өтпек.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА