«Астана» футбол командасының жастар құрамы УЕФА жасөспірімдер лигасында «Атлетикодан» өз алаңында 9:0 есебімен жеңілді. Қонақтар ойынның екінші кезеңінде жеті минутта төрт бірдей гол салған. Бұл астаналық команданың екінші жеңілісі. Испанияда болған алғашқы матчты елордалықтар 4:1 есебімен аяқтаған.
Ал бүгін Астана Аренада «Астана» клубының ересектер құрамы Чемпиондар лигасының төртінші кезеңінде «Атлетикомен» бақ сынасады. Стойлов шәкірттері Испанияда 4:0 есебімен есе жіберді. Астаналықтардың ойынына негізгі құрамдағы алты ойыншының жоқтығы әсер еткен. Ал бүгінгі ойын туралы испандық ақпарат құралдары, «ойын оңайға соқпайды» деп жазуда. Оған себеп - арқаның аязы мен стадиондағы жасанды газон.
Жұрағат БАМАН