Саяси элита өкілдері де сайлауға қатысып, дауыс беріп жатыр. Премьер-министр Кәрім Мәсімов әдеттегідей Максим Горький атындағы орыс драма театрында құрылған №99 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов те шешімін түске қалдырмады. Министр Назарбаев университетінде ұйымдастырылған № 97 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Еске салайық, бүгін таңғы 7-ден бастап Астанада 178 сайлау учаскелері жұмыс істеп жатыр.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА