Атырауда атмосфералық қысым шамадан тыс көтеріліп кетті. Арктикалық антициклонмен байланысты мұндай табиғи құбылыс өңірде соңғы рет шамамен 40 жыл бұрын байқалған.
Күн райын болжаушы мамандар аймақтағы ауа қысымының көтерілуі 4 ақпанға дейін созылады деп отыр. Осыған байланысты кеше «Эйр Астана» компаниясы бұл аймаққа жоспарланған әуе рейстерін тоқтатып тастады. 2-ақпан күні бас аяғы 4 рейс тоқтатылған.
Сондай-ақ, атмосфералық қысымның ауытқуы салдарынан шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының кезекті ойындарын Атырауда емес, басқа қалада өткізу шешілді. «Бейбарыс» жергілікті командасының хоккейшілері және олардың қарсыластары - Көкшетаудың «Арлан» командасы Атырауға жете алмаған.
Илхам ИБРАГИМ